Сұхбат 21 тамыз 2026
Сәтпаев туралы Хейден: «Ол — өте дарынды футболшы»
«Бернли» бапкері Ники Хейден Чемпиондықтың 2-турындағы «Вест Бромвич Альбионға» қарсы кездесу қарсаңында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді.
«Әрине, ол өте дарынды футболшы. Оған небәрі 18 жас, бірақ оның техникалық қасиеттері мен қақпа алдында қауіп тудыру қабілетіне қарасаңыз, командамыз үшін қаншалықты құнды екенін түсінесіз», — деді Хейден.
Бапкердің айтуынша, «Бернли» алдағы маусымда Чемпиондықта 46 матч өткізуі керек, оның үстіне кубок кездесулері де қосылады.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Біз жоғары деңгейді сақтай отырып, барынша көп ойыншыны тартқымыз келеді. Әркім өз мүмкіндігін көрсетуі тиіс, бірақ 46 матчтың бәрінде бірдей ойнау мүмкін емес», — деді ол.
18 жастағы Сәтпаев қазіргі таңда Қазақстан құрамасының шабуылшысы әрі «Бернли» құрамында ойнайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


