Сәтпаев туралы «Бернли» бапкері: «Дастан біз үшін құнды ойыншы»
«Челсиден» жалға ойнап жүрген Сәтпаев 2026/2027 маусымының соңына дейін «Бернлиде» болады. Ол чемпионаттың бірінші турында «Вест Хэммен» өткен кездесуге (2:2) құжат рәсімдеу үрдісі аяқталмағандықтан шыға алмады. Ал баспасөз конференциясы өткен аптада жас шабуылшы «Бернлидің» негізгі құрамымен бірге жаттыға бастады.
«Әрине, ол өте дарынды футболшы. Оның небәрі 18-де, бірақ қарсылас қақпасына қауіп төндірудегі техникалық қасиеттеріне қарасаңыз, командамыз үшін қаншалықты құнды екенін түсінесіз. Чемпионатта 46 матч ойнаймыз, оған қоса кубок кездесулері бар. Барлық ойыншыны мүмкіндігінше пайдаланғымыз келеді. Дастан — айырмашылық жасай алатын футболшылардың бірі. Негізгі құрамда ойнай ма? Әр ойыншы біз үшін маңызды», — деді Хейден.
«Бернли» мен «Вест Бромвич Альбионның» кездесуі 23 тамызда Астана уақытымен 16:00-де басталады.


