Жаңалық 21 тамыз 2026
«Қайрат» үш матчтың кестесін өзгертті

Фото: sports.kz
Алматылық «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасының үш кездесуінің өткізілу мерзімін өзгертті. Бұл туралы клуб хабарлады.
24-турдағы «Елімай» — «Қайрат» кездесуі 30 тамыздан 31 тамызға ауыстырылды. Матч Семейдегі «Спартак» стадионында сағат 19:00-де басталады.
21-турдағы «Қайрат» — «Жеңіс» кездесуі 9 қыркүйекке ауыстырылды, ойын Алматыдағы Орталық стадионда сағат 19:00-де өтеді.
26-турдағы «Қайрат» — «Тобыл» матчы 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл кездесу де Орталық стадионда, сағат 19:00-де басталады.
Қазіргі таңда «Қайрат» 21 матчтан кейін 48 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Алматылықтар көш бастап тұрған «Ордабасыдан» 4 ұпай кем жинаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


