БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 21 тамыз 2026

«Қайрат» «Андерлехтке» қарсы жауап кездесуінде резервпен ойнауы мүмкін

Фото: img.championat.com
Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің бірінші кездесуінде «Андерлехттен» ірі есеппен ұтылған «Қайрат» жауап матчында негізгі құрамын сақтап қалу үшін резервтегі ойыншыларын алаңға шығаруы мүмкін.

Бапкер Рафаэль Уразбахтин Бельгияға ойын уақыты аз футболшылар мен «Қайрат-Жастар» ойыншыларын апаруы ықтимал деп хабарланады.

Бұл шешімнің басты себебі — чемпионаттағы жағдай. «Дереккөздің мәліметінше, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері чемпионатта «Ордабасыдан» төрт ұпай артта қалып отыр. Ұпай жоғалтуға болмайды, себебі алда команданы күрделі қарсыластар күтіп тұр — «Елімай», «Жеңіс», «Тобыл», «Астана», «Ақтөбе», — делінген хабарламада.

Осылайша «Қайрат» алдағы уақытта еуропалық турнирден гөрі ішкі чемпионаттағы позициясын нығайтуға басымдық беруі мүмкін.

Тағы оқыңыз

«Қайрат» «Андерлехтке» қарсы матчқа аккредитация ашты
«Қайрат» «Левскиді» ұтса, плей-офф кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін
«Қайрат» Левскиге қарсы жауап кездесу алдында «Түркістан Арена» стадионында жаттықты
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me