Жаңалық 21 тамыз 2026
Ислам Чесноков «Крылья Советов» құрамына жалға алу шартымен қосылды

Фото: sports.kz
Қазақстан құрамасының ойыншысы, 26 жастағы шеткі шабуылшы Ислам Чесноков қостанайлық «Тобылдан» ресейлік «Крылья Советов» клубына жалға берілді.
Шотландиялық Hearts Standard басылымының хабарлауынша, «Крылья Советов» клубында ойыншыны толық құқықпен сатып алу опциясы бар.
Чесноков маусым айында эдинбургтық «Хартс» клубынан «Тобылға» оралған болатын. Ол «Хартс» құрамында 11 матч өткізіп, бір гол соғып, команданың Шотландия премьер-лигасында екінші орын алуына үлес қосты.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
«Хартске» ол осы жылдың қаңтарында, «Тобылмен» алғашқы келісімшарты аяқталған соң, еркін агент мәртебесімен қосылған еді.
«Бұрынғы «Хартс» ойыншысы Ислам Чесноков «Крылья Советовқа» жалға берілді. Ресей клубының «Тобылдан» 26 жастағы жартылай қорғаушыны толық сатып алу құқығы бар», — деп жазды Hearts Standard.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


