Жаңалық 21 тамыз 2026
«Хетафе» Еуропа конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде «Партизаннан» басым түсті
Еуропа конференциялар лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчында испандық «Хетафе» өз алаңында сербиялық «Партизанды» 3:1 есебімен жеңді.
Кездесу Хетафе қаласындағы «Колисеум Альфонсо Перес» стадионында өтті. Есепті 10-минутта Энес Үнал ашты. «Партизан» 43-минутта Демба Сектің голымен есепті теңестірді.
68-минутта «Партизан» ойыншысы Абдель Абкар екінші сары карточка алып, алаңнан қуылды. Аз құраммен қалған қонақтар қарсыласының қысымына төтеп бере алмады — 87-минутта Андрес Гарсия, ал 90-минутта Хоан Мохика «Хетафе» пайдасына тағы екі гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Жауап сапары 27-28 тамызға қараған түні Белградта өтеді.
Еске сала кетейік, турнирдің алдыңғы кезеңінде «Партизан» қазақстандық «Тоболды» екі кездесуде де жеңген: өз алаңында 3:0, қонақта 2:1 есебімен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


