Жаңалық 21 тамыз 2026
Алонсо Делапты негізгі құрамнан шеттетті, «Эвертон» £40 млн ұсынбақ
Лондондық «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо шабуылшы Лиам Делапты клубтың негізгі құрамымен бірге жаттығудан шеттетті. Дереккөздердің мәліметінше, «Эвертон» ойыншыға £40 млн ұсынуды жоспарлап отыр.
Делап «Челсиге» 2025 жылы «Ипсвич Таунның» құрамынан £30 млн-ға ауысқан болатын. Өткен маусымда ол барлық турнирде 35 матч өткізіп, бар-жоғы 2 гол соқты және бірде-бір нәтижелі пас бермеді. Ағылшын премьер-лигасында 28 ойында небәрі 1 гол соқты, жекпе-жектердің тек 39,1%-ында жеңіске жетіп, допты 48 рет жоғалтты.
Алонсо шабуылшыдан №9 футболканы да алып қойды. Делап итальяндық «Комоға» ауысудан бас тартып, Англияның солтүстігіне оралуды қалайды. Оған «Ноттингем Форест» пен «Лидс Юнайтед» де қызығушылық танытып отыр.
Тағы оқыңыз
«Ноттингем Форест» Делап үшін клуб тарихындағы рекордтық сомаға келісті
«Эвертонда» өткен маусымда Бето мен Тьерно Барри бірлесіп 17 гол соққан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


