Матч 20 тамыз 2026
«Селтик» Чемпиондар лигасының іріктеуінде «ЛАСК»-ты ірі есеппен ұтты
Шотландиялық «Селтик» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта австриялық «ЛАСК» клубын өз алаңында 3:0 есебімен жеңді.
Кездесу «Селтик» үшін барынша сәтті өтті — команда қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, үш гол соғып, ірі есеппен жеңіске жетті.
Еске салайық, шотландиялық клуб өткен маусымда «Қайратқа» ұтылып, Еуропа лигасына жолдама алған еді. Бұл жолы «Селтик» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін күресін жалғастырып отыр.
Қарымта матчта австриялық команда есепті түзей ала ма — уақыт көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


