Жаңалық 20 тамыз 2026
«Манчестер Ситидің» 115 айыптауы: премьер-лига басшысы не дейді?

Фото: e0.365dm.com
Англия премьер-лигасының бас директоры Ричард Мастерс «Манчестер Ситиге» қатысты 115 айыптау бойынша істің мәртебесі туралы пікір білдірді.
Еске салайық, «Манчестер Ситиге» премьер-лиганың қаржылық ережелерін бұзды деген 115 айып тағылған. Клубтың ісі бойынша тыңдау 2024 жылдың желтоқсанында аяқталған, алайда тәуелсіз комиссия әлі шешім шығарған жоқ. «Сити» өзіне тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарады.
Мастерс бұл істің қашан шешілетініне қатысты нақты мерзім айтпады. Оның сөзінше, процесс өз жолымен жүріп жатыр.
«Процесс — процесс күйінде қалады. Ол өз шешімін табады», — деді Мастерс. Оның айтуынша, үкім қажетінше уақыт алады.
Sky Sports бағалауынша, егер «Сити» кінәлі деп танылса, төрт клуб өздеріне келтірілген шығынды өтеуді талап ету құқығын сақтап отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


