БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 20 тамыз 2026

Ли Кан Ин «Атлетико» сапындағы дебютін голмен атап өтті

Фото: pictures.tribuna.com
19 тамызда «Метрополитано» стадионында өткен Ла Лиганың ашылу матчында «Атлетико Мадрид» «Малаганы» 2:0 есебімен жеңді.

Жазда «ПСЖ-ден» ауысқан Ли Кан Ин жаңа клубындағы алғашқы ойынында-ақ есеп ашты. 70-минутта ол оң қапталдан ортаға қарай ойысып, сол аяғымен алыс бұрышқа дәл соққы жіберді.

85-минутта Алехандро Баэна айып алаңының сыртынан тікелей еркін соққыдан допты қақпаға жіберіп, есепті 2:0-ге жеткізді. «Малага» қақпашысы Альфонсо Эрреро бұл соққыға төтеп бере алмады.

«Атлетико» құрамында Адемола Лукман, Давид Ханцко, Карлос Мартин және Родриго Мендоса да алаңға шықты. Матчты төреші Адриан Кордеро Вега басқарды.

Диего Симеоне шәкірттері маусымды жеңіспен бастап, алғашқы үш ұпайды еншіледі.

Тағы оқыңыз

Уразбахтин Анарбековтың пенальти сериясындағы сейвтерін атап өтті
Анарбековтың 11 метрліктегі сейвін УЕФА Чемпиондар лигасы бөлек атап өтті
Бельгия БАҚ-тары Анарбековтің Алматыдағы ойынын ерекше атап өтті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.espn.com