«Астон Вилла» Уоткинске жаңа келісімшарт ұсынды

Sky Sports мәліметінше, «Әл-Хилал» 30 жастағы шабуылшы үшін 45 миллион еуро (38,5 млн фунт) ұсынған. Алайда «Астон Вилла» бұл ұсынысты қабылдамай, 60 миллион еуро (51,4 млн фунт) талап етіп отыр. Қазірге дейін клуб саудиялықтардың барлық әрекетін кері қайтарған.
Сонымен қатар «Әл-Хилал» Уоткинспен жеке келісімшарт бойынша алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгені айтылады.
Өткен маусымда Уоткинс Англия чемпионатының 37 матчында 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Еуропа лигасының 15 ойынында 5 гол салып, 2 нәтижелі пас жинады. Ол сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатында Англия құрамасы сапында ойнап, Францияға қарсы үшінші орын үшін өткен матчқа қатысты. Құрама сапында Уоткинс 24 кездесу өткізген.
Айта кетейік, «Астон Вилла» қорғаушысы Эзри Конса «Арсеналға» 51 миллион фунтқа ауысқан еді.


