Сұхбат 19 тамыз 2026
Уразбахтин: «Андерлехт» — «Омонияға» ұқсас команда

Фото: sputnik.kz
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 20 тамызда Алматыда өтетін УЕФА Еуропа лигасының іріктеу плей-офф кездесуі алдында «Андерлехттің» ойын стилін «Левскимен» салыстырды.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Бапкердің айтуынша, «Андерлехт» пен «Левски» — құрылымы да, мазмұны да мүлдем басқа командалар.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев пен Мартыновичтің жоқтығы сезілді — Уразбахтин
«Бұл — құрылымы да, мазмұны да мүлдем екі басқа команда. «Андерлехт» көбіне «Омонияға» ұқсайды. «Левскимен» салыстырсақ, болгар клубының шабуыл сызығы жылдамырақ еді. Бельгия клубы басқа стильді ұстанады: команда комбинациялық футболға, доп бақылау мен ойыншылар арасындағы өзара әрекеттесу арқылы сәт туғызуға назар аударады», — деді Уразбахтин.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


