Жаңалық 19 тамыз 2026
«Қайратты» екі рет ұтқан «Левски» Чемпиондар лигасында тең түсті
Алматылық «Қайратты» Чемпиондар лигасының алдыңғы кезеңінде екі мәрте жеңген болгариялық «Левски» плей-офф раундының алғашқы матчында грекиялық АЕК-пен 0:0 есебімен тең ойнады. Кездесу Софияда өтті.
Еске салайық, «Левски» Чемпиондар лигасының өткен кезеңінде «Қайратты» 1:0 және 1:0 есебімен екі рет жеңіп, қазақстандық клубты турнирден шығарып жіберген еді. Рафаэль Уразбахтин бапкерлік ететін «Қайрат» қазір Еуропа лигасының плей-офф раундында бельгиялық «Андерлехтпен» кездеседі.
«Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыда, жауап кездесуі 27 тамызда Брюссельде өтеді.
«Левски» мен АЕК арасындағы жауап кездесуі 26-27 тамыз аралығында Афинада ойналады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


