Өзбек блогер: Алматыдағы жаңа стадион Орталық Азияның үздік үштігіне енеді
«Ресми түрде: Қазақстан үлкен стадион салады. Алматының Медеу ауданында 32 гектар жерде елдегі ең үлкен, 45 мың көрерменге арналған стадион құрылысы басталуға дайындалып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл стадион Орталық Азиядағы ең сыйымды алаңдар үштігіне ресми түрде енеді», — деп жазды Хикматуллаев.
Салыстыру үшін, Ташкенттегі «Янги Ташкент Арена» 55 мың, ал Бішкектегі «Бишкек Арена» 51 мың көрерменге есептелген.
Жоба УЕФА-ның IV санатына сай келеді, сондай-ақ 1000-нан астам көлікке арналған тұрақ жоспарланған. Жаңа алаң «Қайраттың» үй стадионы болады әрі УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы турнирлерінің халықаралық матчтары мен ұлттық құрамалардың кездесулерін қабылдай алады.
Стадионды пайдалануға беру мерзімі 2028 жылдың наурызына жоспарланған.


