БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 19 тамыз 2026

Мартин: Финалға шығу — «Ордабасы» үшін үлкен мәртебе

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан кубогының жартылай финалында «Алтайдан» жалпы есеппен 5:2 басым түсіп, финалға жолдама алды. Бас бапкер Андрей Мартин командасының ойынына риза болғанын жеткізді.

«Ордабасы» жартылай финалдың бірінші кездесуінде өз алаңында 3:1 есебімен жеңіп алған еді. Қайтарма матчта қонақта 2:1 есебімен үстем түскен шымкенттіктер жалпы қорытынды бойынша 5:2 есебімен финалға шықты.

«Ең алдымен, бүкіл командамды, клубты, Шымкент қаласын құттықтағым келеді. Клуб үшін Қазақстан кубогының финалына қатысу өте маңызды. Екінші жыл қатарынан финалға шығу біз үшін үлкен мәртебе», — деді Мартин.

Тағы оқыңыз
«Барселона» Жерар Мартинмен келісімшартты жаңартпақ

Бапкердің айтуынша, есепті сақтап қалуға тырысып ойнау дұрыс стратегия емес. «Есеппен ойнап, артықшылықты ұстап қалу — қате стратегия. Әдетте мұндай әрекет жазасыз қалмайды», — деді ол.

Мартин жалпы алғанда командасының ойынына риза екенін жасырмады. «Балалардың өздерін қалай көрсеткеніне қатты ризамын. Ең бастысы — бізге керек нәтижеге жеттік», — деді бапкер.

Финалда «Ордабасының» қарсыласы «Қайсар» болады. Қостанай клубы жартылай финалда «Жеңіске» жалпы есеппен 5:4 басым түсіп, финалдық жолдама алған еді.

Тағы оқыңыз

Андрей Мартин маусымның үздік бапкері атанды
Андрей Мартин Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткерлер тізіміне енді
«Ордабасы» қосымша уақытта гол соғу бойынша көш бастап тұр
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz