Трансфер 19 тамыз 2026
Холанд 2027 жылы «Манчестер Ситиден» «Барселонаға» ауысуды көздеп отыр

Фото: planetsport.com
Норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиден» кетуге дайын екенін білдірді. Оның агенті Рафаэла Пименту «Барселона» басшылығымен келіссөз жүргізген.
Ақпаратқа сәйкес, трансфер 2027 жылдың жазына жоспарланып отыр. Оған дейін Холанд алдағы маусымды «Манчестер Сити» құрамында өткізбек.
«Барселона» үшін Холанд — трансфер нарығындағы басты нысана. Дегенмен каталон клубы қаржылық әділ ойын талаптарына, жалақы шегі мен ойыншыларды тіркеу мәселелеріне тап болып отыр.
Тағы оқыңыз
Холанд екі гол соғып, «Манчестер Сити» Порту жерінде жеңіске жетті
Сонымен қатар Еуропаның басқа да топ-клубтары 2027 жылы норвегиялық шабуылшыға қызығушылық танытуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


