Жаңалық 19 тамыз 2026
Филипович гол соғып, «Қайсар» орындығына қарай қолын нұсқады

Фото: tunera.info
Қазақстан кубогының жауап қайтарым жартылай финалында «Жеңіс» клубының хорватиялық шабуылшысы Андрия Филипович айып добынан гол соғып, «Қайсар» ойыншыларының ашуын келтірді.
Гол соққаннан кейін Филипович формасындағы өз тегін саусағымен көрсетіп, «Қайсар» қосалқы құрам орындығына қарай нұсқады. Бұл әрекет екі команда арасында шиеленіс тудырды.
Жаңалық жарияланған сәтте есеп «Жеңіс» пайдасына 3:1 болатын. Алғашқы кездесуде «Қайсар» 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша жалпы есеп 4:4-ке тең.
Еске сала кетейік, осы жұптың жеңімпазы Қазақстан кубогының финалында «Ордабасымен» кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


