Жаңалық 19 тамыз 2026
«Челси» нөмірлерді бекітті: Сәтпаев тізімде жоқ

Фото: dynamo.kiev.ua
Лондондық «Челси» 2026/27 маусымға арналған ойыншылардың нөмірлерін жариялады. Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев тізімге кірмеді.
Клуб 19 тамызда жариялаған тізім бойынша, Михаил Мудрик 33-нөмірді алды. Коул Палмер бұрынғыдай 10-нөмірмен ойнайды, Роберт Санчес — 1, Леви Колвилл — 6, Педру Нету — 7, Энцо Фернандес — 8, Жоау Феликс — 9, Рис Джеймс — 24, Мойзес Кайседо — 25, Эстеван — 41-нөмірмен шығады.
Сәтпаевтың тізімде болмауы күтпеген жағдай емес. Ол 2026/27 маусымды «Бернлиде» жалдамалы негізде өткізеді. Бұл туралы бұған дейін хабарланған.
Тағы оқыңыз
Мудрик «Тоттенхэмге» келгеніне бір-ақ апта болды — жарақат алды
Айта кетейік, Сәтпаев бұған дейін Мудрикті футболдағы пұтындарының бірі деп атаған. Енді оның пұты «Челсиде» 33-нөмірмен ойнайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


