Жаңалық 19 тамыз 2026
Бельгия басылымы: Алматыдағы газонды Канье Уэст бүлдірді
Бельгияның Nieuwsblad басылымы «Кайрат» пен «Андерлехт» арасындағы Еуропа лигасының плей-офф кездесуі алдында Алматының Орталық стадионындағы газонның жағдайына назар аударып, мәселені Канье Уэсттің концертімен байланыстырды.
«Мұның бәрі Канье Уэсттің кінәсі... «Андерлехттің» қарсысы «Кайраттың» алаңы онша жақсы көрінбейді», — деп жазды басылым.
15 тамызда Орталық стадионда рэпердің концерті өткен болатын. Ал бес күннен кейін, 20 тамызда, дәл осы алаңда «Кайрат» пен «Андерлехт» арасындағы плей-офф сериясының алғашқы матчы өтеді. Жауап кездесуі 27 тамызда Брюссельде ойналады.
Бұл — «Кайраттың» Орталық стадионға оралғаннан кейінгі еурокубоктар турниры аясындағы алғашқы үй кездесуі. Еске салайық, өткен маусымда да стадиондағы концерт клубтың еурокубок кестесіне әсер еткен: Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундындағы болгариялық «Левскиге» қарсы матч Алматының орнына Түркістанда өткізілген еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


