БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 19 тамыз 2026

Абай облысының футбол өкілдері Шанхайда қытайлық клуб басшысымен кездесті

Абай облысы футбол федерациясының делегациясы Қытайдың Шанхай қаласына барып, жергілікті «Шанхай Шэньхуа» клубының басшылығымен кездесті.

Делегацияны Абай облысы футбол федерациясының президенті Асқар Ораңхаев басқарды. Қонақтар «Шанхай Шэньхуаның» жаттығу базасы мен музейіне барып, «Шанхай Шэньхуа» — «Бэйцзин Гуоань» кездесуін көрермен ретінде тамашалады.

Кездесу барысында «Шанхай Шэньхуаның» бас директоры Ван Шувэймен әңгіме өрбіді. Тараптар балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, сондай-ақ екі клуб арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тағы оқыңыз

Ақтөбе футбол федерациясының басшысы Қытайдың бас консулымен кездесті
ҚПЛ-де тағы бір жекеменшік клуб пайда болуы мүмкін бе?
Ақтөбеде жаңа футбол аренасының құрылысымен танысты
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me