Жаңалық 19 тамыз 2026
Абай облысының футбол өкілдері Шанхайда қытайлық клуб басшысымен кездесті
Абай облысы футбол федерациясының делегациясы Қытайдың Шанхай қаласына барып, жергілікті «Шанхай Шэньхуа» клубының басшылығымен кездесті.
Делегацияны Абай облысы футбол федерациясының президенті Асқар Ораңхаев басқарды. Қонақтар «Шанхай Шэньхуаның» жаттығу базасы мен музейіне барып, «Шанхай Шэньхуа» — «Бэйцзин Гуоань» кездесуін көрермен ретінде тамашалады.
Кездесу барысында «Шанхай Шэньхуаның» бас директоры Ван Шувэймен әңгіме өрбіді. Тараптар балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, сондай-ақ екі клуб арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


