«Мозес келгенде сенбедік» — «Қайсар» қақпашысы Салайдин

«Дубайдағы жиынға келе жатыр дегенде алдымен сенбедік. Ол жаттығуға қосылғанда ғана бәріміз көзімізбен көрдік. Ағылшын премьер-лигасында ойнаған футболшының Қазақстанға келуі — үлкен оқиға», — деді Салайдин.
Қақпашы биылғы маусымда Қазақстан премьер-лигасында 17 матч өткізіп, 67 добты қайтарды, 4 матчта қақпасын аман сақтады. Оның айтуынша, «Каспийге» қарсы ойында алыс қашықтықтан соғылған добты қайтаруы ерекше есте қалған.
Салайдин құрама туралы да айтты: «Құрама үшін ойнау — балалық арманым. Әр футболшы сияқты мен де құрамада ойнағым келеді. Осы мақсатқа ұмтылып жүрмін және арманымның болашақта орындалатынына сенемін», — деді ол. Қақпашы әлі құрамаға шақырту алған жоқ.
«Қайсар» Қазақстан кубогы жартылай финалының бірінші матчынан жеңіспен оралды, ал чемпионатта командаға тағы 10 тур қалды.


