Жаңалық 18 тамыз 2026
«Реал» мен «Манчестер Ситидің» қызығушылығына қарамастан, Мак Аллистер «Ливерпульде» қалуды жөн көрді

Фото: i.pinimg.com
The Athletic басылымының мәліметінше, аргентиналық жартылай қорғаушы Алексис Мак Аллистер мадридтік «Реал» мен «Манчестер Ситидің» қызығушылығына қарамастан, ливерпульдік клубта қалуды ұйғарған.
Ойыншының «Ливерпульмен» келісімшарты тағы екі жылға есептелген. Өткен маусымда Мак Аллистер сәтсіз ойын көрсетті, сол аралықта Аргентина құрамасының сапында әлем чемпионатына қатысқан.
Командадағы серіктесі Куртис Джонстың келісімшартында бір жыл ғана қалды, оны миландық «Интер» өз сапына тартуға құлшыныс білдіріп отыр.
Тағы оқыңыз
Романо: «Манчестер Сити» Мак-Аллистерге көз тіккен, бірақ ойыншы «Ливерпульді» жақсы көреді
Жаз кезінде «Ливерпуль» құрамын Роналд Араухо, Виктор Муньос және Джереми Жаке сияқты жаңа ойыншылармен толықтырды. Клубтың бас бапкері — Андони Ираола.
Еске салайық, «Ливерпульдің» жаңа маусымы бір аптадан кейін басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


