Жаңалық 18 тамыз 2026
Құрама ойыншысы Чесноков «Тобылдан» Ресейге ауысты
Қазақстан құрамасының шеткі шабуылшысы Ислам Чесноков самаралық «Крылья Советов» клубына ауысты. Ол бұған дейін қостанайлық «Тобыл» сапында ойнады.
«Тобыл» сапында Чесноков 103 матч өткізіп, 30 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Одан бұрын шотландиялық «Хартс» құрамында да ойнаған шабуылшы бұл клубпен елдің ұлттық чемпионатында күміс жүлдегер атанды — 11 матчта 1 гол соққан.
Қазақстан құрамасының сапында Чесноков 24 матч өткізіп, 2 гол соғуға үлгерді.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
«Крылья Советов» баспасөз қызметі жаңа легионерін қалжыңмен қарсы алды: «Суреттің орны — «Виктория» галереясында, ал суретшінің орны — алаңда. Самараға қош келдің!»
Келісімшарт мерзімі мен трансфер сомасы ресми жарияланған жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


