Жаңалық 18 тамыз 2026
Эдегор: Өткен маусым — жарақаттан жалыққан кезең
«Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор жексенбіде «Кардифф Ситиге» қарсы гол соғып, Донарумманы жерге отырғызған айлакер қимылымен көзге түсті.
Норвегиялық ойыншы өткен маусымда тізе және иық жарақатына байланысты бірнеше кездесуден тыс қалды. Соған қарамастан, лига кезеңінде 16 матчта негізгі құрамда шығып, 1 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
«Өткен жыл нағыз күреспен өтті, қиын сәттер көп болды. Жарақат салдарынан көп матчты өткізіп алу шынымен жүйкеге тиді», — деді Эдегор.
Тағы оқыңыз
Эдегор 5 ойында 4 рет «Матчтың үздігі» атанды
Оның айтуынша, ойыншы үшін алаңда бола алмау — ең ауыр нәрсе. «Маған біраз оғаш жарақаттар мен сәтсіздік кездесті», — деп қосты ол.
Эдегор маусымды чемпион атанып аяқтағанын, содан кейін әлем чемпионатына қатысқанын жақсы белгі санайды. «Демалыстан кейін өзімді жақсы сезініп отырмын, қайта жұмысқа кірісуге дайынмын», — деді футболшы. Оның сөзінше, өткен маусымның қиындықтары осы жылға мотивация болуы тиіс.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


