Жаңалық 18 тамыз 2026
«Барселона» 19 жасар қорғаушысын сатты, бірақ болашақ пайданың 50 пайызын сақтап қалды

Фото: kaz.vesti.kz
Испаниялық 19 жасар сол қанат қорғаушысы Хофре Торрентс «Барселонадан» амстердамдық «Аяксқа» ауысты.
«Барселона» академиясының түлегі Торрентс негізгі құрам сапында небәрі төрт матч өткізген еді. Соған қарамастан, каталондық клуб жас ойыншыны сатып, шамамен 5-6 миллион еуро тапты.
Бұдан бөлек, «Барселона» келешекте Торрентс қайта сатылған жағдайда түсетін пайданың 50 пайызына құқығын сақтап қалды.
Қорғаушының «Аякспен» келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жасалды. Амстердам клубында ол бұрын «Жиронаны» жаттықтырған Мишельдің қолында ойнайды. «Аякс» тарихында төрт мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


