Жаңалық 18 тамыз 2026
«Арсенал» мен «Галатасарай» Осимхен жөнінде келіссөз жүргізіп отырған жоқ — The Athletic

Фото: ichef.bbci.co.uk
The Athletic тілшісі Джеймс Макниколастың мәліметінше, лондондық «Арсенал» мен түрік клубы «Галатасарай» арасында Виктор Осимхенді трансфер жасау жөнінде белсенді келіссөз жүрмейді.
Бұған дейін The Telegraph тілшісі Мэтт Ло мен BBC тілшісі Сами Мокбел клубтар арасындағы Габриэл Мартинелли мен Итан Нванери жөніндегі келіссөздер кезінде Осимхенге де тоқталғанын хабарлаған. Мокбел бұны екі клуб өкілдерінен алған дерек негізінде растаған.
Ал Макниколас бұл ақпаратты жоққа шығарды: оның айтуынша, тараптар арасында Осимхенге қатысты нақты келіссөз жүрген жоқ. Дегенмен «Арсенал» мен «Галатасарай» бірнеше ойыншы бойынша байланыста болғаны белгілі.
Тағы оқыңыз
Галатасарай президенті: Осимхенді қанша ақша берсе де сатпаймыз
Еске салайық, «Галатасарай» президенті Дурсун Өзбек нигериялық шабуылшыны қанша ақша ұсынса да сатпайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар Осимхеннің қаржы мәселесі бойынша клубпен қырғи қабақ қатынасқа түскені туралы да ақпарат бар.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


