БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 18 тамыз 2026

«Андерлехт» «Қайратпен» матчқа 5200 шақырым жол жүреді — бұл клуб тарихындағы ең ұзақ сапар

Брюссельдік «Андерлехт» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде алматылық «Қайратпен» кездесуге аттанар алдында арнайы дайындық жоспарын әзірледі. Клуб тарихында мұндай ұзақ сапар болған емес.

«Андерлехт» Алматыға дейін тоғыз сағат бойы 5200 шақырым жол жүреді. Клубтың физикалық дайындық штабы ұшу әсерін азайту үшін ойыншыларға арналған жан-жақты жоспар дайындады.

«Андерлехтте» көк жарықты сүзетін әйгілі көзілдірікті қолданады. Сонымен қатар компрессиялық шұлықтар міндетті болады, активтендіру жаттығуларының тұрақты орындалуы бақыланады, әр ойыншыға міндетті ұйқы режимі белгіленеді», — деп хабарлады клубтың штабы.

Алматы мен Бельгия арасындағы уақыт айырмасы үш сағатты құрайды. «Андерлехт» пен «Қайрат» арасындағы кездесу 20 тамызда Алматыда, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қайтарма матч 27 тамызда Брюссельде өтеді.

Тағы оқыңыз

«Андерлехт» тарихындағы ең алыс сапар: Брюссельден Алматыға 5200 шақырым
Тарихи сапар: «Андерлехт» Алматыға жету үшін 9 сағат жол жүреді
«Ноттингем Форест» Делап үшін клуб тарихындағы рекордтық сомаға келісті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz