БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 18 тамыз 2026

«Андерлехт» бапкері: Жеңіске гол соққан команда жетті

Фото: sports.kz
«Қайратқа» қарсы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнайтын брюссельдік «Андерлехт» Бельгия чемпионатының 2-турында «Беверенге» 0:1 есебімен ұтылды. Команданың бас бапкері Витор Бруну жеңілістің себебін түсіндірді.

Жалғыз голды 14-минутта Йони Гомис соқты. Осыдан кейін «Андерлехт» есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтижеге қол жеткізе алмады.

«Неге ұтылдық? Себебі олар гол соқты, біз соға алмадық. Мұнда матч қиын болатынын білдік, онда гол соққан команда ғана жеңеді», — деді Бруну.

Тағы оқыңыз
«Андерлехт» бапкері: «Қайратты» бағаламай қалуға болмайды

Бапкердің айтуынша, командасының бірнеше қолайлы сәті болды. «Екінші таймда есепті теңестіру үшін бәрін жасадық. Бұл сәтсіз аяқталды, ойыншылар күресті, қолдан келгеннің бәрін жасады», — деп қосты ол.

«Қайрат» пен «Андерлехттің» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші матчы 20 тамызда Алматыда, ал жауап кездесуі 27 тамызда Брюссельде өтеді.

Тағы оқыңыз

«Андерлехт» бапкері: «Қайратты» бағаламай қалуға болмайды
«Андерлехт» бапкері алматылық «Қайратқа» қарсы матч туралы айтты
Брюннің айтуынша, «Андерлехттің» жеңісі — мұқият дайындықтың нәтижесі
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz