Жаңалық 17 тамыз 2026
Ямал 220 миллион еуроға бағаланды — «Трансфермаркт» тарихындағы рекорд

Фото: kaz.vesti.kz
Испания құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған Ламин Ямал қосымша демалыстан кейін «Барселона» жаттығуларына оралды.
Онымен қатар чемпион атанған Дани Олмо, Педри Гонсалес және Пау Кубарси де топтық жаттығуларға қосылды. Клубтың ресми хабарламасында «Ламин Ямал оралды. Әлем чемпионы, үйге қош келдің!» делінген.
«Transfermarkt» порталының бағалауы бойынша, Ямал мен Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат футболшылар болып тең танылды — екеуінің де нарықтық құны 20 миллион еуроға өсіп, 220 миллион еуроға жетті. Бұл — «Transfermarkt» тарихындағы рекордтық көрсеткіш: бұған дейін ешбір ойыншының құны 200 миллион еуродан аспаған.
Тағы оқыңыз
Кансело: «Алтын добқа лайық жалғыз ойыншы — Ламин Ямал»
«Барселона» 2026/27 маусымдағы Ла Лига чемпионатындағы алғашқы матчын 24 тамызда «Эльче» қонағында өткізеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


