Жаңалық 17 тамыз 2026
Сәтпаев ойнайтын «Бернли» поляк шеткі шабуылшысына қызығушылық танытты
Құрамында қазақстандық Дастан Сәтпаев ойнайтын ағылшындық «Бернли» клубы поляк клубы «Заглембе Любиннің» 19 жастағы шеткі шабуылшысы Марсель Регулаға қызығушылық білдіріп отыр.
Регулаға «Бернлиден» бөлек Кёльн клубы, Сауд Арабиясының «Әл-Кадисиясы», сондай-ақ Түркия мен Даниядан белгісіз клубтар да көз тігіп отыр. Дегенмен «Заглембе» ойыншыға қатысты ресми ұсыныс алған жоқ.
«Заглембе» тарихындағы ең қымбат трансфер — 5 миллион еуроға сатылған Бартош Бялек. Регуланың құны 7–8 миллион еуро деп бағаланады.
Еске салайық, Сәтпаев 14 тамызда ресми түрде «Челсиге» қосылып, сол күні «Бернлиге» 2026/27 маусымының соңына дейін жалға берілді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


