Матч 17 тамыз 2026
Павлодарлық «Арман» Қазақстанның пляждық футболдан чемпионы атанды

Фото: kff_team
Көкшетауда 2026 жылғы Қазақстанның пляждық футболдан чемпионаты мәресіне жетті. Турнир жеңімпазы — павлодарлық «Арман» клубы.
Чемпионаттың алғашқы кезеңі Павлодар қаласында өтсе, екінші кезеңі Көкшетаудағы Қопа көлінің жағасында арнайы салынған алаңда жалғасын тапты.
Қорытынды турнир нәтижесі бойынша павлодарлық «Арман» бірінші орынды иеленді. Тараздық «Омега» екінші, ал «Арман 1» (Павлодар) үшінші орында қалды.
Турнирдің жеке жүлдегерлері де анықталды: көкшетаулық Бақыжан Баужан үздік қақпашы атанды. «Арман» ойыншысы Тимур Ершин үздік қорғаушы деп танылса, «Омегадан» Саид Мұзарапов үздік шабуылшы, ал Жасұлан Исаев үздік ойын құрушы атанды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


