Жаңалық 17 тамыз 2026
«Қайраттың» 800 мың еуролық жұлдызы Жоржиньо «Андерлехтке» қарсы ойнай алмайды
Бельгиялық Voetbalprimeur.be басылымы «Андерлехтпен» кездесу алдында «Қайраттың» құрамына баға берді. Сарапшылардың айтуынша, командадағы ең қымбат ойыншы — нарықтық құны 800 мың еуро деп бағаланатын 28 жастағы португалиялық шабуылшы Жоржиньо.
Voetbalprimeur.be мәліметінше, Жоржиньо тізе байламы жыртылғандықтан алдағы кездесулерге қатыса алмайды.
«Қайрат» Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раундында «Андерлехтпен» кездеседі. Алғашқы матч 20 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда, жауап кездесуі 27 тамызда Бельгияда өтеді.
Басылым сондай-ақ испандық шабуылшы Марк Гуальдың мансабына тоқталды — ол бұған дейін «Жирона» мен варшавалық «Легия» құрамында ойнаған.
Еске салайық, өткен маусымда «Қайрат» еурокубоктарда «Брюггемен» кездескен болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


