Жаңалық 16 тамыз 2026
Санчес Сатпаев туралы: «Ол — топ-ойыншы»

из наших постов
«Челси» қақпашысы Роберт Санчес ағылшындық «Бернлиге» жалға берілген қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді.
«Дастан — топ-ойыншы және ең үміт күттіретін таланттардың бірі», — деді Санчес.
18 жастағы Сатпаев «Челсимен» 2033 жылға дейін келісімшарт жасаған. Ол 2026/27 маусымында ағылшынның Чемпионшип лигасында ойнайтын «Бернлиге» жалға берілді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Жазғы турнеде Сатпаев «Челсидің» «Вестерн Сидней Уондерерспен» өткен матчында гол соққан болатын, кездесу 6:4 есебімен аяқталды. «Челсидің» бас бапкері — Хаби Алонсо.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


