БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 16 тамыз 2026

Павлодарда нөсер жаңбыр «Ертіс» — «Тобыл» матчын тоқтатты

Фото: sports.kz
Қазақстан премьер-лигасының 22-турындағы павлодарлық «Ертіс» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы кездесу 10-минутта нөсер жаңбырға байланысты тоқтатылды.

Бас төреші Александр Затула ойыншыларды трибуна астындағы бөлмеге кіргізу туралы шешім қабылдады.

Кездесу алдында «Тобыл» 22 ұпаймен турнир кестесінің 10-орнында, ал «Ертіс» 17 ұпаймен 16-орында тұрған.

Өткен турда «Тобыл» қонақта «Ордабасыдан» 0:2 есебімен ұтылса, «Ертіс» те қонақта «Елімайдан» 1:3 есебімен жеңіліп қайтқан болатын.

Тағы оқыңыз

Климавичюс: «Паневежис» — «Тобыл» матчында сенсацияны жоққа шығармаймын
«Тобыл» Белградта жеңілген тартысты Қостанайда жалғастырады
«Тобыл» Белградта жеңілген есепті өтеу үшін «Партизанға» қарсы шығады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz