Жаңалық 16 тамыз 2026
«Партизанға» 1:5 есебімен ұтылған «Тобыл» Еуропадан шығып қалды, «Қайсармен» матчы кейінге шегерілді
Қостанайлық «Тобыл» Еуропа конференциялар лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды. Осыған байланысты «Қайсарға» қарсы кездесу 25 тамызға ауыстырылды.
Екі матчтың жиынтық есебі бойынша «Партизанға» 1:5 есебімен ұтылған «Тобыл» турнирмен қоштасты.
Осы себепті ҚПЛ-дың 21-турындағы «Тобыл» — «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді. Матч 25 тамызда, Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де, Қостанайда өтеді.
Жариялау сәтінде «Тобыл» 20 матчта 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орында тұр. «Қайсар» болса 21 ойында 20 ұпаймен 13-орында.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


