Жаңалық 16 тамыз 2026
ҚПЛ-нің 22-турында төрт матч өтеді
16 тамызда Қазақстан премьер-лигасының 22-турында төрт кездесу өтеді: «Ертіс» — «Тобыл», «Каспий» — «Елімай», «Қызылжар» — «Астана» және «Атырау» — «Оқжетпес».
«Ертіс» пен «Тобыл» арасындағы матч сағат 17:00-де басталады. «Каспий» өз алаңында «Елімайды» 18:00-де қабылдайды.
Одан кейін «Қызылжар» мен «Астана» 19:00-де күш сынасады. Тур күнінің қорытынды кездесуі — «Атырау» мен «Оқжетпес» арасында, ол 20:00-де басталады.
Барлық төрт матчтың тікелей эфирін «Qazsport», SPORT+ телеарналары және KFF League YouTube-арнасы көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


