Жаңалық 16 тамыз 2026
Кенжебек Самородовты алмастырып шықты, Flashscore одан жоғары баға берді
Ресей премьер-лигасының 4-турында грозныйлық «Ахмат» краснодарлық «Краснодардан» 0:1 есебімен ұтылды. Кездесуде қазақстандық Ғалымжан Кенжебек 77-минутта Максим Самородовты алмастырып шықты.
Жалғыз голды «Краснодар» бірінші таймның аяғында соқты.
Flashscore бағалауынша, Самородов старттық құрамда ойнап, 6,3 балл алса, оны алмастырған Кенжебекке 6,5 балл қойылды.
Тағы оқыңыз
Самородов: «Мен қазақстандықпын, өзіміздің адам»
Сол бағалау бойынша «Ахматтың» үздігі — Ромао атанды, ол 6,9 балл жинады. Арсен Адамов 6,8, Турпал-Али Ибишев 6,7 балл алды.
Еске салайық, бұл бағалар Flashscore порталының статистикалық жүйесі бойынша қойылған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


