Жаңалық 16 тамыз 2026
Чесноков «Қанаттыларда» айына 2,8 миллион рубль жалақы алмақ
Қостанайлық «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков самаралық «Крылья Советов» клубына ауысу алдында медициналық тексеруден өтеді.
26 жастағы жартылай қорғаушының тексеруі 18 тамызға жоспарланған. Одан кейін Чесноков Самараға аттанып, жаттығуларға қосылады және келісімшартқа қол қою рәсіміне дайындалады.
Ауысу міндетті түрде сатып алу құқығы бар жалдау шартымен өтуі мүмкін. Сатып алу сомасы 250 мың еуроға бағаланып отыр. Ал ресейлік клубтағы айлық жалақысы 2,8 миллион рубльді құрайды.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
Еске салайық, маусым айында «Крылья Советов» Чесноков трансферіне 200 мың еуро ұсынуға дайын болған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


