Смақов «Бешикташпен» келісім жасады: әкесі «Мақтанышым менің!» деп құттықтады
Аламгир Смақов — «Қайрат» академиясының түлегі. 2025 жылы ол «Қайрат-2008» құрамында 16 матч өткізіп, жасөспірімдер лигасының чемпионы атанды, сондай-ақ турнирдің 14-турындағы үздік гол авторы болып танылды.
2026 жылдың көктемінде жас жартылай қорғаушы Қазақстан кубогы шеңберінде «Қайраттың» негізгі құрамында дебют жасады. Сонымен қатар Бірінші лигада «Қайрат-Жастар» сапында өнер көрсетіп, 7 матчта 4 доп соқты. 2026 жылдың шілдесінде футболшы Стамбұлға аттанды.
Ол шабуылшы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Смақовтың әкесі Самат Смақов — құраманың бұрынғы ойыншысы, қазіргі таңда «Атырау» бас бапкері.
«Мақтанышым менің, саған қуанышым шексіз! Арманым орындалды, сен Түркияның топ-клубтарының бірінде ойнайсың! Мансабың — өз қолыңда, аяғыңда, жүрегіңде! Барлығына өзің жеттің, енді футбол өміріңде жаңа бет ашылды! Осы мүмкіндікті қолдан шығарма, Алла тағала екінші рет мүмкіндік бермейді!» — деді Самат Смақов.
«Бешикташ» — Түркия футболының алпауыттарының бірі. Клуб Түркия чемпионатында 16 рет, Түркия кубогында 11 рет, Түркия Суперкубогында 10 рет чемпион атанған. Еуропа аренасында да табысты болды: 1987 жылы Еуропа чемпиондар кубогының, 2003 және 2017 жылдары Еуропа лигасының ширек финалына жетті. 2017/2018 маусымында топта жеңіліссіз бірінші орын алып, Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды.


