Матч 15 тамыз 2026
«Қайрат» көрерменсіз матчта «Ұлытауды» жеңіп, «Ордабасыға» жақындады
Қазақстан премьер-лигасының кезекті турында алматылық «Қайрат» өз академиясының аренасында «Ұлытаумен» кездесіп, жеңіске жетті. Матч көрерменсіз өтті.
Кездесуде «Қайрат» есебіне Эдмилсон, Юйолла және Азамат Тұяқбаевтың голдары жазылды.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» турнир кестесінде «Ордабасымен» арадағы алшақтықты қысқартты. Қазіргі таңда «Ордабасы» 49 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Қайрат» 48 ұпаймен екінші орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


