Жаңалық 15 тамыз 2026
Бразилиялық Шина 21 матчта 4 гол соққан Семей «Елимайына» оралды
29 жастағы бразилиялық шабуылшы Рожериу дос Сантос Алвис, атағы Шина, Семейдің «Елимай» клубына қайта оралды. Ол бұрын осы командада 2024 жылы ойнаған болатын.
Шина 1996 жылдың 2 тамызында Сан-Паулуда дүниеге келген, бойы 179 см. 2024 жылы «Елимай» сапында 21 матчта алаңға шығып, 4 гол соққан.
Бразилиялық шабуылшы бұған дейін украиналық «Карпаты» мен «Львовта», қазақстандық «Ақтөбеде», БАӘ-нің «Дибба Аль-Фуджайрасында» және вьетнамдық «Нам Диньде» ойнаған тәжірибесі бар.
Тағы оқыңыз
«Қайратқа» ауысады деген қауесеттен кейін Шина «Елимайға» оралды
Енді ол Қазақстан чемпионатында «Елимай» түсінде бақ сынайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


