Жаңалық 15 тамыз 2026
«Бавария» жаттығу кездесуінде «Лейпцигті» жеңді
Мюнхендік «Бавария» «Альянц Арена» стадионында өткен жаттығу кездесуінде РБ «Лейпцигті» 3:1 есебімен жеңді.
Есепті 13-минутта Луис Диас ашты. Екінші таймда «Лейпциг» есепті теңестіруге ұмтылды — 53-минутта Брайан Груда добын дәл жіберді. Алайда «Бавария» жауап беруден жаңылмады: 58-минутта Натаниэль Браун, ал 81-минутта Джамал Мусиала мергендік танытып, түпкілікті есепті белгіледі — 3:1.
Бұл «Бавария» үшін жаттығу кезеңіндегі қатарынан төртінші жеңіс болды.
Тағы оқыңыз
Мусиала екі рет естен танғаннан кейін оралып, «Баварияның» 900-голын соқты
22 тамызда «Бавария» Германия Суперкубогында «Боруссия Дортмундпен» кездеседі. Дәл сол күні РБ «Лейпциг» Германия кубогы аясында «Айнтрахт» (Трир) командасына қарсы шығады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


