Әлем футболы 15 тамыз 2026
«Бавария» 5 пайыз үлесін 250 миллион еуроға сатты
Мюнхендік «Бавария» клубы акцияларының 5 пайызын «Viessmann Generations Group» компаниясына 250 миллион еуроға сатты.
Мәміле нәтижесінде клубтың нарықтық құны 5 миллиард еуро деп бағаланды.
«Viessmann Generations Group» «Бавария» тарихындағы төртінші сыртқы акционер болды. Клуб жарғысы бойынша сыртқы инвесторлардың үлесі жиынтығында 30 пайыздан аспауы тиіс — енді осы шекке толық жетті.
Акциялардың қалған 70 пайызы клуб жанкүйерлерінің қауымдастығында қала береді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


