БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 14 тамыз 2026

«Стэмфорд Бридж» «Шахтардың» да үйіне айналуы мүмкін

Фото: ФК Қайрат (ресми TG)
Донецктік «Шахтар» 2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үй матчтарын Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өткізуді қарастырып жатыр.

Екі клуб келіссөздің қорытынды сатысында тұр, бірақ келісім күшіне ену үшін УЕФА-ның мақұлдауы қажет. «Челси» 2026/27 маусымында еуропалық турнирлерге қатыспайды, сол себепті стадион бос тұрмақ.

Бұл идея тегіннен-тегін туындаған жоқ. 2023 жылы «Шахтардан» «Челсиге» Михайло Мудрик ауысқан, ал Лондон стадионында бұрын Game4Ukraine қайырымдылық матчы да өткен болатын.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

«Шахтар» өткен маусымда соғысқа байланысты еуропалық матчтарын Польшадағы Краковта өткізген. Украина клубтары 2022 жылдан бері халықаралық матчтарды бейтарап алаңдарда өткізуге мәжбүр.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жаңа маусымға «Челси» құрамына ресми тіркелді.

Тағы оқыңыз

Ағылшын жанкүйерлері: Эмегханың жарақаты Сәтпаевқа жол ашуы мүмкін
Сәтпаев «Челсидің» Гонконгтағы жолдастық матчында ойнауы мүмкін
Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілуі мүмкін
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz