Жаңалық 14 тамыз 2026
«Қызылжар» техникалық жеңіліске қатысты ҚФФ шешімін сотта дауламақ
«Алтай» (Өскемен) командасына қарсы кездесуде техникалық жеңіліске ұшыраған «Қызылжар» клубы Қазақстан футбол федерациясының шешімімен келіспейтінін ресми мәлімдеді.
Клуб басшылығы бұл мәселе бойынша заңды шаралар қолдануды жоспарлап отыр.
Аталған кездесуде «Алтай» құрамында Александр Нойок ойнаған. Дәл осы ойыншыға қатысты бұзушылық «Қызылжарға» техникалық жеңіліс есептелуіне себеп болды.
Бұл шешім жанкүйерлер арасында наразылық тудырды. Олар клуб басшылығының түсіндірмесін қабылдамай, команданы матчты «жіберіп алды» деп сынға алды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


