БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 14 тамыз 2026

ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн Қостанай облысындағы футбол инфрақұрылымын тексерді

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн өңірлік футбол ұйымдарына жұмыс сапары аясында Қостанай облысына барды.

Сапар барысында ол «Тобыл Арена» жабық футбол кешенімен танысып, Қостанай облысы футбол федерациясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірдегі футболдың қазіргі жай-күйі, спорт инфрақұрылымын дамыту, жас ойыншыларды даярлау және ресми жарыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Манн УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауап кездесуінде Қостанайдағы «Тобыл» мен сербиялық «Партизан» ойынын тамашалады.

Тағы оқыңыз
Скотт Манн: Чемпионат матчтарын ақылы жазылым жүйесіне көшіру керек

Бұған дейін ол Алматы, Семей, Шымкент және Талдықорған қалаларында болған. Манн өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз

ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн Алматыға жұмыс сапарымен келді
ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн қазақ футболын дамытудың басты бағыттарын атады
Скотт Манн Талғардағы ҚФФ академиясының құрылысымен танысты
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz