Жаңалық 14 тамыз 2026
«Ордабасы» жекеменшікке өтті: клуб басшылығында кадрлық өзгерістер
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті. Клубтың жаңа құрылтайшысы — «Integra Construction KZ» ЖШС-нің бенефициарлық меншік иесі Шахмұрат Мұталип болды.
Меншік иесінің ауысуымен қатар клуб басшылығында да кадрлық өзгерістер болды. Бұған дейін «Ордабасының» президенті болған Дархан Қызайбаев енді Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұрынғы вице-президент Жасұлан Барманқұлов президент болып бекітілді.
Директорлар кеңесінің құрамына Серікболсын Естемесов пен Батырбек Аширбаев та енгізілді.
Жаңа құрылымда Директорлар кеңесі клубтың стратегиялық дамуы мен ұзақ мерзімді саясатына жауап берсе, президент күнделікті операциялық басшылық пен алдағы міндеттерді іске асыруды қадағалайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


