Жаңалық 14 тамыз 2026
«Галатасарай» Мартинеллиге 45 миллион еуро ұсынды, бірақ бразилиялық Стамбулға барғысы келмейді

Фото: sports.kz
Түрік клубы «Галатасарай» лондондық «Арсеналдың» бразилиялық шеткі шабуылшысы Габриэл Мартинеллиге 45 миллион еуро ұсынды. Дегенмен 25 жастағы футболшы Түркия чемпионатына ауысқысы келмей, Лондонда қалуды жөн көреді.
«Арсенал» мен «Галатасарай» бірнеше ойыншының трансферін талқылап жатыр. Келіссөз тек Мартинелли жөнінде ғана емес, клубтың басқа футболшыларына қатысты да жүргізіліп жатыр.
Осы орайда «Арсеналдың» академия түлегі, 19 жастағы Итан Нванери де аталып жүр. Ол өткен маусымның екінші жартысында «Марсельде» жалдамалы негізде ойнаған болатын.
Тағы оқыңыз
«Арсенал» рекорд жаңартты: Мартинелли 60 миллион фунтқа «Әл-Хилялға» ауысты
«Галатасарайдың» шабуылшысы Виктор Осимхенге «Арсенал» бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Дереккөздердің мәліметінше, лондондық клуб ойыншыларының бірі Осимхенге қатысты мәмілеге қосылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


