Джефф Безос құны 6 миллиард фунттық «Ливерпуль» клубының акционері атанды
«Fenway Sports Group» (FSG) компаниясы «Ливерпульдегі» үлесінің шамамен үштен бірін сатуға түпкілікті келісім жасады. Инвесторлар консорциумын болат магнаты Лакшми Митталдың күйеу баласы, 46 жастағы британдық-үнділік кәсіпкер Амит Бхатия басқарады. Ол «AyBe Capital» инвестициялық компаниясын басқарады, бұған дейін «Куинз Парк Рейнджерс» клубының акционері болған.
Мәміле нәтижесінде «Ливерпульдің» құны шамамен 6 миллиард фунт стерлинг ($6-7 млрд) деп бағаланды. FSG клубтың бақылау пакеті мен операциялық басқаруын өз қолында қалдырады. Амит Бхатия клуб төрағасының орынбасары лауазымын иеленеді, бірақ басқарма құрамына кірмейді.
«Ливерпуль» үнемі бір маусыммен шектелмей, клубтың ұзақ мерзімді мүддесін ойлап шешім қабылдайды. Осы тәсіл әлемнің беделді инвесторлары мен бизнес жетекшілерінің қызығушылығын тудырып келеді. Амит пен консорциумның біздің философиямызды бөлісетінін көрдік», — деді FSG президенті Майк Гордон.
«Ливерпульге» инвестиция салғаныма мақтанамын», — деді Амит Бхатия.


